Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

Еліміздің әскери қызметшілері «мина іздеп» жарысады

1112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теориялық және практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында Бас басқарманың басшылығымен Қазақстан Қарулы Күштерінің минасыздандыру топтарының командирлері оқу-әдістемелік жиын өткізеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еліміздің әскери қызметшілері «мина іздеп» жарысады

Бір апта ішінде 65476 әскери бөлімінің (Қапшағай қаласы) минасыздандыру орталығының базасында әскери қызметшілер жарылыс қаупі бар заттарды іздеу, табу және залалсыздандыру бойынша міндеттерді ұйымдастыру және орындау мәселелерін зерттейді. Жарылыс қаупі бар заттарға қарсы іс-қимыл жөніндегі ережелерді бірыңғай түсінуге қол жеткізу мақсатында тыңдаушылармен жерді тазартуды ұйымдастыру және жүргізу, инженерлік, авиациялық және артиллериялық оқ-дәрілердің іс-қимыл қағидаттары мен оларды залалсыздандыру қағидалары бойынша теориялық және практикалық сабақтар жүргізілетін болады.

Оқу барысында кең таралған оқ-дәрілерді егжей-тегжейлі және сапалы зерделеу үшін авиациялық зақымдау құралдарының және зымырандық-артиллериялық қару-жарақтың мамандары шақырылатын болады. «Берег» оқу полигонының арнайы жабдықталған қалашығында минирлеу топтарының командирлері алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады, сондай-ақ инженерлік барлаудың, залалсыздандырудың және жоюдың жаңа құралдарын қолдана отырып, жергілікті жерді әскери үлгідегі жарылу қаупі бар заттардан тазартуды жоспарлау және практикалық жүргізу мәселелерін пысықтайды. Айта кетерлік жайт, оқу орындары мен объектілерді жарылыс қаупі бар заттардан сапалы жоспарлы тазарту мақсатында, сондай-ақ алынған білімді практикалық тұрғыда бөлісіп, әр түрлі оқ-дәрілерді іздестіру, табу және залалсыздандыру бойынша міндеттерді орындау кезінде минирлеу тобының тиімділігін арттыру мақсатында өтеді.