15 Наурыз, 2019

Бақытжан Сағынтаев жастармен кездесті

707 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жастар өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыға Жастар жылы аясында жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қазіргі таңда жастардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына, денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуіне, баспана жағдайын түзетуіне, бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылып, Қазақстан жастарының өмірден өз орнын табуына бағытталған маңызды әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Елбасының жастар саясаты саласында алға қойған міндеттерін тиімді орындау үшін мемлекеттік органдар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдары бірлесе жұмыс жұмсауы қажеттігін айтты.

Осыған байланысты Б.Сағынтаев еліміздің барлық жастарын Жастар жылы аясында іске асырылып жатқан жобаларға белсене атсалысуға, өзін-өзі жетілдіру, білім деңгейін көтеру және кәсіби біліктілігін арттыру үшін жаңадан енгізілген «әлеуметтік лифт» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы жастарымыз еліміздің жаһандық әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналуға тиіс екендігін атап өтті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар