07 Шілде, 2012

Дүбір

332 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Дүбір

Сенбі, 7 шілде 2012 7:31

Өз ұлтыңды басқаға тиіспей сүйген жөн

Сербия мен Косово арасындағы жағдай жұртқа белгілі. Екі ел арасында қандай бір қақтығыс бола қалса, оған жұрт елең етеді. Жақында сондай қақтығыс болды, оған жұрт назар аударды.

Сербия мен Косово арасындағы жағдай жұртқа белгілі. Екі ел арасында қандай бір қақтығыс бола қалса, оған жұрт елең етеді. Жақында сондай қақтығыс болды, оған жұрт назар аударды.

 

Сенбі, 7 шілде 2012 7:31

Өз ұлтыңды басқаға тиіспей сүйген жөн

Сербия мен Косово арасындағы жағдай жұртқа белгілі. Екі ел арасында қандай бір қақтығыс бола қалса, оған жұрт елең етеді. Жақында сондай қақтығыс болды, оған жұрт назар аударды.

Сербия мен Косово арасындағы жағдай жұртқа белгілі. Екі ел арасында қандай бір қақтығыс бола қалса, оған жұрт елең етеді. Жақында сондай қақтығыс болды, оған жұрт назар аударды.

Басқа аймақ­тар­дағы қақты­ғыс­тарға қара­ған­да, мұны тіпті елемеуге де болған­дай-ау. Екі ел шекарасында серб­тер мен Косово полициясы ара­сындағы қақты­ғыста 52 адам жарақат алыпты. Олардың 32-сі Косово по­лицейлері екен де, 20-сы серб азаматтары екен. Кінәлі қай жақ? Сірә, тәртіп сақшылары сербтерден тәртіпті талап етсе керек. Ал олар оған көнбеген­дей. Қисынға жүгіне­тіндер осындай болжам жасайды және шындықтан алыс кетпес те еді.

Енді болған жағдайға келсек, екі автобусқа тиелген серб азаматтары Косовоның астанасы Приштина маңындағы тарихи орын – Газиместан мону­мен­тіне зиярат етуге келеді. Бі­рақ жай келмей, бұзықтық жасай келеді. Полицияның мәлім­деуін­ше, 70 қаралы тепсе темір үзетіндей серб жігіттері «арақ ішіп алып, өздерін жүгенсіз ұстап, поли­цияға да, жергілікті халыққа да соқтығыса жүреді». Ақырында полиция оларды елден шығарып жіберуге мәжбүр болады.

Олар Косово республикасына неге келген? Косово бұрын Сербияның бір өлкесі болғаны белгілі. Онда негізінен мұсыл­ман албандар тұрады. 1990-жыл­дардың басында Сербия бас­шылығы сол мұсылмандардан «өз жерін тазарту» үшін жаппай қырып-жою, қудалау саясатын жүргізгенде, бүкіл Батыс елдері ара түсіп, ақыры Косово тәуелсіз елге айналды. Енді сол Косово жерінде 1389 жылы серб-босниялықтар әскері тү­рік­терден ойсырай жеңіліп, содан 1816 жылға дейін осман­дар­дың қанауында болды. Жеңіл­се де, сербтер сол жылды өз ұлтының туған кү­ні санайды. Және оны жыл сайын атап өтеді. Косово тәуелсіз­ді­гін жариялаған 2008 жылдан бері мұнда келе алмай жүрді. Енді биыл ғана келіп, онда да жай келмей, бұзықтық жасай келді.

Әрине, әр халық өз ұлтын, оның құндылықтарын құрмет­те­се жақсы. Бірақ бұл екінші бір халықтың, ұлттың мүддесі есебінен болмауға тиіс. Ал серб ұлтшылдары өздері билікте бол­ған кезінде, 90-шы жылдар­дың басында Югославия одағы­на біріккен біраз халықтарға, ұлттарға қарсы шовинистік, ге­ноцидтік саясат жүргізді. Со­ның салдарынан біраз халық қырылды да.

Бір қуанарлығы – халықара­лық қоғамдастықтың белсенді араласуының арқасында бұл зұлымдыққа тосқауыл қойыл­ды. Ұлтшыл-фашистердің әске­ри қылмыстары әшкереленіп, олар арнаулы халықаралық сотта жазасын алды, біразы әлі тергеуде жатыр. Сол әскери қылмыс Косовоға да қатысты болды. Әділдік жеңіп, Косово халқы тәуелсіздікке жетті.

Соңғы сегіз жыл бойы билік тізгінін ұстаған Демократиялық партия көсемі Борис Тадич жүргізген саясат Сербияға оң өзгерістер әкелген еді. Бірақ жақында ойламаған жерден президенттік сайлауда Слободан Милошевичтің бұрынғы фашистік үкіметінде вице-премьер болған Томислав Николич жеңіске жетті. Содан бері елдегі ұлтшыл радикалдар қайтадан бас көтере бастағандай, серб ұлтшылдарының Косоводағы бұзақылық әрекеттері соның бір көрінісіндей.

Косоводағы бұл қақтығыс­тың аяғы жамандыққа соқтыр­ма­сын дейік. Ондай жамандық­ты жұрт ұмытқан жоқ. Талай адамның қаны төгілген, тірілер­дің жанында жара қалған.

 

Халық қолқалап жатса, көнген де дұрыс

Исландияда президенттік сайлау өтіп, бұрынғы президент Олафур Рагнар Гимссон бесінші мерзімге қайтадан сайланды. Оны жақтап сайлауға қатысқандардың 52,8 пайызы дауыс берді.

Қайда сайлау өтпей жатыр, кім сайланбай жатыр деуге де болар, әдетте соның ерек­шелерін ғана сөз ететініміз бар. Әлем­дегі жетекші елдердің басшылары сайланса, немесе мемлекеттік төңкеріс болып жатса, әйтпесе билік үшін күрес шектен шығып жатса, жұрт назары соған ауады. Ал Исландия­да соның бірі де жоқ. Бірақ осынау аралда орналасқан шағын ел­дегі соңғы президент­тік сайлау­дың өз ерекшелігі де болды.

Өткен жылдың аяғында төрт мерзім билік тізгінін ұстаған Ола­фур Гимссон енді жаңа сай­лауға түспейтінін мәлімдеген. Бірақ бұған оның жақтастары, партияластары көнбеді. Тіпті қарсылық петициясын ұйымдас­тырып, халық көшеге шықты. Ел астанасы Рейкьявик қаласы­ның тұрғындары тік көтерілді десе де болғандай. 30 мыңдай адам оның сайлауға қатысуын та­лап етті. Басқаларға аз көрін­ген­мен, бұл Исландия халқы­ның 10 пайызы еді. Және бала-шағаны қосқанда емес, елдің сая­си белсенділігі жоғары бөлігі. Гимссонның жұртшылық пікі­ріне құлақ асуына тура келді.

Тәуелсіздік, егемендік, әсі­ресе, Исландиядай шағын елдерге айрықша қажет. Олар өз тәуелсіздігін күшпен қорғай алмайды. Тек парасатты саясат арқасында ғана мұндай елдер басқаларға кіріптар болмай өмір сүреді. Президент Олафур Грим­ссон сондай саясат жүргізе білді. Ол өз елінің саяси да, экономикалық та тәуелсіздігі жолында аянбай күресті.

Бұл ел президенттік басқару жүйесін ұстанады дегенмен, президент өкілет­тігі ресми шаралармен шектеледі. Нақты би­лік үкі­мет­тің қолында. Рас, ресми түрде үкімет басшысын президент та­ғайын­дайды. Бірақ президент О.Грим­с­сон әркез елдегі саяси, эко­номикалық жағдайға белсенді араласып отырды. Әрқашан, әсіресе, соңғы кезде, тіпті өзі қайта сайлауға түспеймін деген кезде де президент өкілеттігін кеңейту мәселесін қозғап жүрді.

Өзінің шектеулі өкілеттігіне қарамай, 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде президент О.Гримссон ел экономикасының мүддесін ойлап, Исландия банк­тері апатқа ұшырағанда, шетел салымшыларының қаржыларын төлеуден бас тартып, Ұлыбри­тания мен Нидерландияны өз салымшылары үшін 3,9 миллиард доллар қаржы төлеуге мәжбүр еткен. Бұл Исландия экономикасының қайтадан қаз тұруына мүмкіндік жасады. Мұндай батыл қадамды халық ұмытпайды.

Жалпы, О.Гримссон өз елі­нің Еуроодақ алдында кіріптар болуына қарсы. Тәуелсіз саясат жүргізуді қалайды. 300 мыңдай ғана халқы бар, шикізаттық ресурсы шектеулі Исландия ішкі мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, дағдарыстық жағ­дай­дан оңтайлы шығып келе жатыр. Сарапшылар биыл елдің экономикалық өсімі 4,5 пайызды құрайды дегенді айтады. Исландтар онда өздері қалаған пре­зиденттің үлесі бар деп есеп­тейді, алдағы уақытта да оның билікте болғанын қалайды.