Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

Бүгін Ресейде «Шымбұлақ» тау курортының күндері басталды

803 реткөрсетілді

Бүгін Ресейдің ірі «Роза хутор» тау шаңғы курортында «Шымбұлақ» тау курортының күндері басталды, деп хабарлайды Шымбұлақтың баспасөз қызметі. Жоспарланған іс-шара аясында Қазақстан, сондай-ақ, «Шымбұлақ» тау курортының туристік мүмкіндіктері таныстырылады.

Ресейдің әйгілі «Роза хутор» курортының барлық қонақтары үшін қызықты және мазмұнды бағдарлама дайындалған. Осы мақсат жолында Алматыдан арнайы Наурызға орай жеткзілген қазақтың киіз үйі орнатылған. Ал қонақтар 15-17 наурыз аралығында қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарынан, бауырсақ, қымыз бен қазыдан дәм татады. Батырлар қонақтарды қазақ дәстүрлерімен таныстырады, сондай-ақ іс-шараға құсбегілік өнердің нышаны ретінде бүркіттер әкелінді. Танымдық ойын-сауық бағдарламасы аясында іс-шара қонақтарын «Шымбұлақ» курортындағы атмосфераға толығымен сапар шектіретін виртуалды шынайылық көзілдірігі ұсынылатын арнайы аймақтар да қарастырылған.

Аталмыш мереке аясында «A’Studio» тобының негізін қалаушы және көшбасшысы Байғали Серкебаев пен қазақстандық композитор Ренат Гайсин продюсерлік ететін қазақстандық бойз-бенд The Jigits және Black Star лейблының әртісі Natan өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ресейлік және халықаралық туристік компаниялар үшін b2b-сессиясы өтеді. Бұл бағдарламаға қазақстандық туризм туралы «KazakhTourism» Ұлттық компаниясы, Shymbulak Mountain Resort курортының тұсаукесерлері мен қазақстандық туроператорлардың турлары мен бағдарламалары енген.

Бұл бастама Ресей мен Қазақстанның екі ірі тау курорттарының арасында биыл қол қойылған меморандумның нәтижесінде ұйымдастырылып отыр.

Аталмыш құжат тау курорттарын насихаттау, тау туризмін дамыту және оның танымалдылығын арттыру, белсенді демалыс, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туристер ағынын арттыру және екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайту мақсатындағы ынтымақтастықты көздейді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар