Саясат • 15 Наурыз, 2019

Роман Скляр «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатына барды

1031 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов жұмыс сапары аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатына келді.


Роман Скляр «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ металлургиялық комбинатына барды

Металлургия комбинатына сапар барысында ҚР ИИДМ министрі Роман Скляр бастаған делегация «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының өндірістік алаңдарына барды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бірінші бөлімінің директоры Андрей Берг және екінші бөлімінің директоры Константин Цимбал делегацияны комбинаттағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен таныстырды. 

Оттек-конвертер цехында делегацияны сляб дайындамасын үздіксіз құю машинасының, сұрыптық илекке арналған дайындаманы үздіксіз құюдың алты бұрыштық машинасының жұмысымен таныстырды. Бұл жерде делегация мүшелеріне аяқталған ірі инвестициялық жоба – №3 пеш-шөмішін орнату туралы айтылды. Осы инвестициялық жобаны іске асыру цехтың өндірістік көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді. 

Ыстық илек цехында делегацияға № 1 жайма илек цехының ыстықтай илектелген орамдарын тасымалдаудың көлденең осіне көшу жөніндегі жаңа инвестициялық жобаның арқасында тиеп жөнелту мен еңбек жағдайы жақсаратыны туралы айтылды. Бұл жобаның құны 30 миллион долларды құрайды. Қазіргі уақытта оны енгізу жұмыстары жүргізілуде.