Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

2018 жылы транзиттік қатынаста тасымал көлемі 17 млн тоннаны құрады

758 реткөрсетілді

2018 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік қатынаста жүк тасымалы көлемі 17 млн тоннаны құрап, 2017 жылғыға қарағанда 10% артты. Транзиттік қатынаста жүк тасымалының үлесі жалпы көлемнің 6% құрайды.

Транзиттің артуы Ресей темір рудасы мен мұнайының Өзбекстанға, Ресей астығының Иран мен Өзбекстанға, Қытай поливинилхлоридінің Өзбекстанға, Ресей тыңайтқышының Түркменстан, Қытай, Қырғызстанға, Ресей қара металының Қытай мен Орталық Азия елдеріне, Қытай машиналары мен құрал-жабдықтарының Өзбекстан мен Польшаға, Польшадан Қытайға және Кореядан Өзбекстанға, Ресей қантың Украина мен Өзбекстанға тасымалын қамтамасыз ету есебінен жүзеге асты.

Бүгінгі таңда Қытай томат пасталарын Италияға және қазақстандық астық жүктерін Түркия бағытына тұрақты жөнелту жолға қойылған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік қатынаста 4 367 контейнерлік пойыз ұйымдастырылса, бұл 2017 жылғыға қарағанда 54% өскендігін көрсетті.

Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі мен Құрық паромды кешені теміржолының іске қосылуы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша экспорттық контейнерлік тасымалдарға қосымша серпін берді. Бұл жерортатеңізіне шығуға және Түркияның оңтүстік пен шығыс порттарына теміржол желісі арқылы тікелей тасымалдауға, сондай-ақ экспорттық қатынаста Қазақстанның бірқатар астықтық жүктерін контейнерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Арыста 7073 үй қалпына келтірілді

Аймақтар • Бүгін, 17:15

Байсал тартқан балалар өлеңі

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Күзетшіге мұқтаж елміз

Қоғам • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар