16 Наурыз, 2019

Yessenov University-де демеуші көмегімен аудиториялар ашылды

4673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша демеуші көмегімен А. Мендалыұлы және Ж.Сейдалиев атындағы оқу аудиториялары ашылды.

Yessenov University-де демеуші көмегімен аудиториялар ашылды

Алшын Меңдалиев 1937 жылдан репрессияға түсіп, өмірінің 25 жылын кеңестік лагерлерде өткізіп, елге оралған соң халқына қызмет еткен халық ұлы. Қазақ халқының, оның ішінде Маңғыстау қазақтарының басынан кешірген тарихи оқиғаларының ізін зерделеген өлкетанушы, ауызша тарихшы, шежіреші. Адай руының рулық генеалогиясын, шежіресін қағаз бетіне түсірген алғашқы автордың бірі болса, Жаздырхан Сейдалиев қоғам қайраткері,көп жылдар ауылшаруашылығы саласында басшылық қызмет атқарған. «Парасат» қозғалысының жетекшісі, «Халықтық келісім» ҚБ бірінші төрағасы.

Өмірден өткен қос азаматтың тағылымды өмір жолын ұрпақ тәрбиесіне үлні ету, өлке тарихын таныту мақсатындағы аудиторияларға марқұмдардың суреттері, кітаптары мен өзге де жәдігерлер топтасқан.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы