16 Наурыз, 2019

«Барыс» екінші ойында «Авангардты» жеңіп, есепті теңестірді

918 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің 1/4 финалы аясында омбылық «Авангард» (Ресей) командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Барыс» екінші ойында «Авангардты» жеңіп, есепті теңестірді

Бүгінгі кездесуде елордалық команда 4:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша сериядағы жалпы есепті теңестірді. Енді үшінші, төртінші матч 18, 20 наурыз күндері сырт алаңда өтеді.

Айта кетейік, 14 наурызда «Барыс» 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Авангард» (Омск, Ресей) 4:2 (0:0, 2:0, 2:2)

Сериядағы есеп: 1:1

Шайба соққандар:
1:0 — 29:41 Блэкер (Сведберг). 
2:0 — 34:01 Бойд (Гренц, Шалапов). 
2:1 — 44:06 Шумаков (Бек). 
3:1 — 46:17 Боченски (Кормье). 
4:1 — 54:04 Бойд (Михайлис). 
4:2 — 58:52 Франсон (Михеев). 

«Барыс»: Карлссон — Шалапов, Семенов, Блэкер, Диц, Сведберг, Орехов, Маклюков — Михайлис, Волк, Петухов, Акользин, Боченски, Кормье, Гренц, Фрэттин, Бойд, Сағадеев, Шевченко, Әсетов;

«Авангард»: Бобков — Франсон, Бондарев, Покка, Емелин, Чудинов, Пивцакин — Манукян, Фисенко, Деарне, Зернов, Кошелев, Стась, Стольберг, Широков, Бек, Михеев, Шумаков, Яремчук, Петров, Семенов.