Жоба екі кезеңнен тұрады:
1. Акселераторды ашу
2. Акселератордың жұмысын бақылау үшін «Шымкент сити навигаторын» құру.
Осының нәтижесінде мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің қатысымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жақсарады. Осылайша, акселератор жұмыс орындарын құру, іскерлік ахуалды жақсарту, ШОБ дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және басқа да көптеген мәселелерді нормативтік-құқықтық актілерге және бюджет қаражатына өзгертулер енгізбестен тездетілген тәртіпте шешуге арналған алаң деуге болады.
Акселератор сол қаланы дамытуда елеулі табысқа қол жеткізген Дубай қаласының (Dubai Future Accelerators), тәжірибесі бойынша құрылады. Қалалық әкімдіктен, басқа да мүдделі тараптардан арнайы іріктелген және оқытылған қызметкерлердің қатысуымен құрылған командалар тапсырмаларды орындау мақсатында бастамаларды орындау жолдарын жасап қана қоймай, дамытады және әкімнің қолдауынан кейін жеделдетілген акселератор бойынша іске асыруға кіріседі.
Болашақта қалалық акселератордың міндетін кеңейту жоспарлануда, ол бизнес-экожүйені дамыту мен инновациялық шешімдерді қалада қолдануды іске қосатын жобалар үшін стартап алаң құру арқылы жүзеге асырылады.