Франция елшiсi Филипп Мартине облыс басшылығына қонақжайлық танытқанына алғысын бiлдiрдi. Француз кәсiпкерлерi жиында өздерiнiң жобаларын ұсынды. Патрик Хоффман өңiрде еуропалық талаптарға сай шошқа кешенiн салуға дайын екендiгiн мәлiмдедi. Инвестиция көлемi 200 млн. евроны құрамақ. 1000 адамға жұмыс орны ашылады. Өңiр басшысы аталмыш жобаның жүзеге асуына барынша қолдау көрсетiлетiнiн атап өттi.
«Солтүстiк Қазақстан облысы бұл жобаны жүзеге асыруға өте қолайлы мекен. Бiз үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Ел бойынша ауыл шаруашылығы саласына ең көп инвестиция құятын бiздiң өңiр. Франциялық кәсiпкерлерге барынша көмек көрсетемiз» дедi Құмар Ақсақалов.