Бүгінде Қазақстан қарқынды дамып келеді... Мен Оңтүстік Африка Республикасы ақпарат саласының өкілі ретінде Қазақстанға 2017 жылы жолым түскен. Сол жолғы сапарымда мен тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген тамаша табыстарын білдім, келісім мен татулықты ту еткен қазақстандық қоғамдағы игілікті істерге куә болдым.
Бұл жерде елдің жоғары нәтижелерге қол жеткізуінде, әрине Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы саясатты табысты жүргізіп, елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттырды. Осы саясаттың арқасында Қазақстан өзінің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етті.
Осы арада айта кетейін, тәуелсіз Қазақстан бүгінде дамудың жаңа кезеңіне шығып отыр. Бұл елдегі жетекші саяси ұйым – «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде анық аңғарылды. Осы съезде Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бастамалар маған ерекше әсер етті. Әсіресе, Президентті мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру, көп балалы аналарға қолдау көрсету бағытында айтқан сөздері, Үкіметке берген тапсырмалары барша қазақстандықтарды қуантты деп ойлаймын.
Меніңше, Қазақстандағы әлеуметтік қолдау шаралары ел халқының өркендеуіне, бақуатты болуына зор ықпалын тигізеді.