18 Наурыз, 2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Калгари қаласында конькиден аса ірі халықаралық турнир аяқталды. Айтулы жарыста қазақстандық спортшы Екатерина Айдова табысты өнер көрсетті.

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

Үйеңкі жапырақтар елінде өткен дүбірлі доданың соңғы күні 1500 метрлік қашықтықты 1 минут және 53.53 секундта жүгіріп өткен жерлесіміз бас жүлдені олжалаумен қатар, Қазақстанның рекордын жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша Екатерина Айдова «ең үздік шетелдік спортшы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Дәл осы қашықтықта бақ сынаған өзге конькишілеріміздің нәтижелері мынадай: Александр Кленко – 8, Демьян Гаврилов – 11,  Дмитрий Морозов –14, Виталий Щиголев – 16 және Иван Аржаников – 25 орын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі 1000 және 3000 метрлік сайыстарда Александр Кленко мен Екатерина Айдова күміс медальді иеленсе, масс-стартта Демьян Гаврилов топ жарған болатын.

Дайындаған Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»