Бүгін «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалы кеңсесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп жатқан аналармен кездесті.
Астана әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқатын жақсарту шараларын күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар бергендігін еске салды.
Халықты әлеуметтік қызметтер мен шаралардың бірыңғай пакетіне мыналар кіреді:
- Аз қамтылған 2 мың отбасы үшін коммуналдық қызметтерін төлеуге берілетін төлемақы 18% артты. (34 млн. теңге).
- 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды күтушілерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі беріледі (1,3 млрд. теңге).
- Үйде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмек 25 мың теңгеге дейін (6,5 АЕК-тен 10 АЕК) ұлғайтылды (23 млн. теңге).
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тегін техникалық және кәсіби білім беру орындарында тегін оқыту (2986 адамға 1,5 млрд. теңге бөлінді).
- Бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 2 мың тұрғын үй сертифакатын беру үшін 2 млрд. теңге қарастырылды.
- Көп балалы отбасыларының балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне қоғамдық көлікте тегін жүрі мүмкіндігі беріледі. (36 мың адамға 208 млн. теңге).
- 1-11 сыныптарда оқитын көпбалалы отбасылардың балалары мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады.
- Осы санаттағы 32 мың балаға 971 млн. теңге бөлінеді; Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балалар үшін арнайы сауықтыру демалысы ұйымдастырылады (10 мың балаға 500 млн. теңге бөлінеді);
- Осы санаттағы отбасы балалары мектеп формасымен және қажетті оқу құралдарымен тегін қамтамасыз етіледі (32 мың балаға 638 млн. теңге бөлінеді);
- Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары, сондай-ақ, мүгедек балалар балабақшада тегін білім алуына қолдау көрсетіледі (3,8 мың баланы ыстық тамақпен қамту үшін 513 млн. теңге бөлінеді);
- Көпбалалы отбасыдан шыққан 180 балаға елорданың жоғары оқу орындарында тегін білім алуына арнайы гранттар беріледі (25 млн. теңге, жылына 500 мың теңге);
- Көпбалалы аналарға тіс дәрігерінің қызметі (санация, протездеу) тегін ұсынылатын болады. Бұл көмекпен 10 мың адам қамтылып, 404 млн. теңге бөлінеді;
- Көпбалалы отбасылар қатты отын алу үшін әлеуметтік көмек алушылар санатына қосылады (1000 отбасына 26,3 млн. теңге бөлінеді).