19 Наурыз, 2019

Жағдайы төмен жандарға жатақхана салынады

1023 реткөрсетілді

Әсіресе әлеуметтік жағ­да­­­­йы төмен, аз қам­тыл­ған отба­сыларға баспа­на­­­ның бас­ты мұң екені бел­­гілі. Бү­гінгі таңда аза­мат­­тарға мем­лекет тарапынан тұрғын үй алуға едәуір же­ңіл­дік жаса­лып отыр десек те, әлі де көптеген жан­дар­­дың үй-күйсіз жүргені шын.  

Көп балалы, айлығы шай­лы­ғына жетпейтін отбасылар алғаш­қы жарнасын, одан кейін ай сайынғы несиесін төлеп, бас­паналы болуға да қауқарсыз. Сон­дықтан да қазіргі кезде көп балалы және аз қамтылған отба­сы­лардың әлеуметтік мәселесін оңтайландыру өзекті болып тұр. Ал Жамбыл өңірінде жағ­да­йы төмен жандарға арналған жатақхана салынады деген жаңа­лық­тың да талай жүрекке жылу, тал­ай көңілге үміт ұялатқаны анық. 

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жер­гі­лікті көп балалы аналармен кез­­десіп, олардың әлеуметтік мәсе­лесін шешу мақсатында өңірде 10 жатақхана салынатынын айтқан еді. Көктем шығып күн жылына салысымен, көп бала­лы отбасылардың көптен күткен үміті ақталғандай. Тараз қаласы №5 «Қарасу» шағын ауда­ны­н­ан көп балалы отбасыларға арналған 4 көпқабатты әлеу­мет­тік жатақхана салынатын болды. Жамбыл облыстық құры­лыс бас­қармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуын­ша, жатақханада барлығы 180 пәтер болады деп жоспарлануда. Аталған жобаның құны 812 миллион теңгеге айналады екен. Құрылыстың жалпы аумағы 8 100 шаршы метрді құраса, пәтердің бір шаршы метрінің құны 100,2 мың теңге болады. 

Айта кету керек, жаңа салынатын тұрғын үйдің жатақхана деген аты болғанымен, заты заманауи талапқа сай кәдімгі пәтер. Алғашқы 4 бірдей жатақ­хана салынатын аталған аумақта инфрақұрылым мәселесі шешіл­ген. Ал жатақхананың ішкі құры­­лысы кәдімгі екі бөлмелі пә­тер­­­лерден тұрады. Ондағы бір пәтердің жалпы ауданы 35-40 шаршы метрді құрайды. Әр пәтер­де зал және жатын бөлме­лер, сондай-ақ әр пәтердің ас үйі, әжетханасы мен жуынатын бөлмесі де жоспарланған. Жоспар бойынша жобаның бар­лық құжаттары алдағы үш айда дайындалып, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мау­сым айында басталып, биыл­ғы 1 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. 

Аталған мәселеге орай өткен жиында да әкім құжаттарды да­йындау мен құрылыс жұмыс­та­рын барынша жылдамдатып, ағым­да­ғы жылдың қазан айына дейін жатақхананы тапсыру керегін баса айтқан еді. Егер әкімнің қой­ған талабы орындалып, тиі­с­ті мекемелер күш салса, жыл аяқталмай жатып-ақ талай азамат­тың арманы орындалады. Сондай-ақ өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған 23 мың адам бар екен. Енді олардың мәселесін шешу үшін өңірдегі тұрғын үй құрылысының көлемін барынша арттыру қажеттігіне көңіл бөлініп, бұл бағыттағы жұмыстар күшейіп келеді. 

Мәселен, 7 баланың анасы Айнұр Серікбаева отбасымен Тараз қаласында пәтер жал­дап тұрады. Т.Рысқұлов ауданы­нан келген отбасы 7 жыл бұрын пәтер кезегіне тұрған. Бір қиыны, аз қамтылған отбасында дүниеге келген егіз балалардың сыңары бүгінде 6 жасқа келсе де, өзді­гінен жүре алмайды. Өзді­гінен сөйлей де алмайтын бала­ны Айнұр күйеуі екеуі жұмыс істемей үйінде отырып қарайды екен. Осы сияқты тағы қаншама әлеуметтік жағдайы төмен отбасы бар. Бір жақсысы, алдағы уақытта өңірде осындай аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мәселесін шешу үшін шаралар қолға алынуда.

«Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшы­сы Серік Олжабеков ұйым тара­­пынан биыл жоба құны 203 мил­лион теңгеден болатын әрқай­сы­сы 45 пәтерлі екі көп­қа­батты әлеуметтік тұр­ғын үй салу­ды жос­парлап отыр­ғанын айтты. Соны­мен қатар серік­тес­тік басшы­сы егер қолдау болса, бұл бағытта ауқымды құрылыс жүр­гі­зуге мүм­кіншіліктері жете­тін­ін де мәлім­деді. Бұл орайда облыс әкім­дігі тұрғын үй мәселесін шешу­де мердігерлердің мүм­кін­ші­лігі мен әлеуетін пайдаланудың қос тарапқа да тиімділігін ескере отырып, нақты жұмыстарды бас­та­ды. Сондай-ақ Тараз және Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларындағы тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған отбасылардың жатақ­ха­на мәселесін шешу жолдары сараланып, жаңа ғимарат салу немесе бос нысандарды сатып алып ыңғайластыру шаралары да жан-жақты талқылануда.

Хамит ЕСАМАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Негізгі ұғымдар жүйеленеді

Саясат • Бүгін, 08:43

Тиімді диологқа жол ашады

Саясат • Бүгін, 08:37

Қоғам мүддесін ойлаған құжат

Саясат • Бүгін, 08:33

Жарысты 8 жүлдемен аяқтады

Спорт • Бүгін, 08:29

Ақпанның бораны ашулы

Аймақтар • Бүгін, 08:26

Өткен ғасыр өрнегі

Таным • Бүгін, 08:25

Үшінші рет финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 08:24

Сөз сойыл №89

Руханият • Бүгін, 08:02

10 жыл субсидияланған саланың жыры

Экономика • Бүгін, 07:53

Жемістен чипс жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Сөздің құны мен құдіреті

Руханият • Бүгін, 07:46

Бағаны ауыздықтаудың амалы

Үкімет • Бүгін, 07:44

Мақамы мәшһүр Маңғыстау

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Саят атының сыны мен бабы

Қоғам • Бүгін, 07:23

Қаламы семсер серке еді

Таным • Бүгін, 07:20

Өзі де, сөзі де сұлу

Руханият • Бүгін, 07:15

Ұқсас жаңалықтар