Аймақтар • 19 Наурыз, 2019

Шымкенттегі № 54 орта мектепте оқушылар жаппай уланып қалды

1060 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі «Ынтымақ» шағынауданында орналасқан № 54 орта мектепте белгісіз этиологиядан балалардың жаппай улану оқиғасы орын алды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Шымкенттегі № 54 орта мектепте оқушылар жаппай уланып қалды

Алдын ала деректер бойынша 22 бала мен екі ересек адам ауруханаға жатқызылған. Бәрінен бірдей симптомдар яғни, бас айналуы, бас ауруы, көздің шырышты қабығының тітіркенуі байқалған.

«Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Газ компаниясының қызметкерлері мектеп пен автономды қазандықты мұқият тексеріп, табиғи газдың сыртқа шығуын тексерді, бірақ ештеңе таппады. Улану тек бір ғана сыныпта емес, әртүрлі сынып оқушыларында байқалды. Бөлмеде және мектеп алаңында жағымсыз иіс сезілген. Балалардың жағдайы алаңдаушылық тудырмайды. Кейбір оқушылар ауруханадан шығарылып, үйлеріне қайтарылды»,  деді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан.

Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметтері: Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, дәрігерлер, газ қызметтері жұмыс істеді. Улану себептері әлі анықталмады.

Айта кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің соңғы мәліметі бойынша, қазір 36 адам улану белгілерімен ауруханада жатыр. Оның ішінде  34 оқушысы, бір педагог және техникалық қызметкер зардап шеккен. 24 адамға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қалғандары ем алып жатыр.