Су айдынына ең жақын деген Ақшығанақ ауылының өзі 35 шақырым жерде орналасқан. Сол ауылға бара жатқан кісінің алдынан Амангелді ауданындағы учаскелік полиция инспекторы Дидар Әбілда кездесе кетті. Олар оқиға орнына қайтып келгенде машина су астына батып кеткен екен. Учаскелік инспектор құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Ауыр жүк машинасын әкелді, ауылдың біраз азаматтарын көмекке шақырды. Бірнеше сағаттан кейін машина судан сүйреп шығарылды. Өздері шаршап, үсті-басы малмандай су болса да жангелдиндіктер көмегінің нәтижесіне қуанып, үйлеріне тарасты. Учаскелік инспектор астаналықтарға ыстық шай беріп, жылытып, Астанаға қарай баратын таксиге отырғызып жіберді.
Астана қаласының балық аулаймын деп келіп, бейнетке ұшыраған тұрғыны А.Жалғаспаев Жангелдин аудандық полиция бөлімі мен учаскелік инспекторға зор көмегі үшін алғысын айтты.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай облысы