Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы тағайындалды

926 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Мұхит Әзірбаев тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы тағайындалды

Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туылған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі. Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған. Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компанияның бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарған. 2017 жылдан «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы.

Басқарманың жаңа басшысының алдына Алматы экономикасын тұрақтандыруды күшейту, бәскелестікті арттыру, оның ішінде ШОБ үлесін ұлғайту, инвестиция тарту және экономиканың салаларын диверсификациялау міндеттері қойылды.

Бұлардың ішінен халықтың аз қамтылған тобы үшін ішкі нарықты қолжетімді әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толтыруға, жоғары технологиялы және экспортқа бағытталған жобалар үшін инвестиция тартуға айрықша назар аударылады.

Бұлардан өзге, қала әкімі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін кәсіпкерлікті дамыту жолындағы жұмысты барынша қарқынды жүргізуді тапсырды. Олар - әкімшілік кедергілерді қысқарту,бизнес үшін қаржы көздерін қолжетімді ету, инвесторлар құқығын қорғау, өкілетті органдардың ашықтығы үшін цифрлы технологияны енгізу және басқалары.