Қаланы көріктендіруші мамандардың айтуынша, гүлдер сәулетшілер мен суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егілген. Қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқада жаздық гүлдер егіледі.
Көктем гүлінің басым бөлігі қаланың ортасындағы Қызғалдақ субұрқағының айналасында және орталық көшелердің бойында шоғырланған. Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін қызғалдақтар гүлдеп болғаннан кейін тұқымы қазып алынып, арнайы қоймаларда сақталады. Ал күз маусымында қайта егіледі.