Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

728 реткөрсетілді

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау 9 мыңнан астам өнеркәсіп кәсіпорнында, оның ішінде 220 мыңға жуық қауіпті өндірістік нысанда жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылы министрлік жоғары тәуекелді нысандарға 1 322 тексеру және 940 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

«Тексерулер нәтижесінде 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Заңды өрескел бұзғадары үшін 827 нысан мен 3 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. 147 млн. теңгеден астам 2 мың айыппұл салынды. Жүргізілген жүйелі жұмыстарға қарамастан 2018 жылы 27 аварияға жол беріліп (2017 жылы – 19), 17 адам зардап шекті (олардың 6-ы адам өліміне әкелі)», - деп атап өтті министр.      

Авариялардың негізгі себептері ескірген, моральдық және физикалық тұрғыдан тозған жабдықтарды пайдалану; өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен қағидаларын бұзу; өндірістік бақылаудың болмауы немесе қызметкерлер біліктілігінің төмендігі.

Өндірістік қауіпсіздікті қадағалаудың тиімділігін арттыру, қауіпті өндірістік нысандарда болатын апаттарды және жарақаттарды азайту мақсатында Министрлік бірқатар тиісті шаралар қабылдауда.

«Министрлік қауіпті өндірістік нысандардағы авариялар мен жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында техникалық құрылғылар мен технологиялық тізбектердің қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл сайын техникалық қайта жарақтандыру жоспарын әзірледі (2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін 12 088 дана жабдық пен 595 технологиялық тізбек ауыстырылды). Бұдан бөлек, заңнаманы жетілдіру және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері туралы заң жобасы әзірленді», - деп хабарлады Роман Скляр.

Сонымен қатар ведомства өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, қауіпті бағалау критерийлерін қайта қарастыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына бақылау жұмыстарын жүргізеді. Тексеру талаптарының тізімі 28 %-ке қысқартылды. Министрлік қабылданған барлық шаралар қауіпті өндірістік нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұстаз һәм өскелең ұрпақ

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар