Төл өнеріміз бойынша қарт құрлықтың тұңғыш біріншілігінің тұсауы былтыр Грузияның Батуми қаласында кесілген болатын. Сол жарыста 21 мемлекеттен келген 80 балуан жарыс көрігін қыздырды. Жүлделер тоғыз салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынды. Осы бәсекелерді басынан аяғына дейін тамашалаған осы саладағы лауазымды тұлғалар, құрметті меймандар, бапкерлер мен спортшылар және қатардағы қарапайым көрермендер Қап тауы баурайында өткен дүбірлі доданың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берген еді.
Биылғы жарыстың да керемет өтетініне ешкімнің күмәні жоқ. Халықаралық қазақ күресі федерациясы бас директорының кеңесшісі Ұлан Рысқұлдың айтуынша, бүгінгі таңда ұлттық өнерімізді өркендетіп, күллі әлемде кеңінен насихаттау бағытында көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»