19 Наурыз, 2019

Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей белбеу үшін таласады

1153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өзінің кезекті жекпе-жегін өткізетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.

Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей белбеу үшін таласады

Дәл қазір Америкадан қуанышты хабар жетті. Қандасымыз Лос-Анджелестегі бокс кешінде екі бірдей белбеу үшін таласады. Олар – WBO Global және WBC Continental Americas. Мексикалық Кристиан Олливасқа қарсы бәсекеде біз Жәнібекке сәттілік тілейміз.

Қазіргі кезде АҚШ-тың Сан-Диего қаласында тұрып жатқан 27 жастағы мексикалық боксшы  кәсіпқой рингте біраз тәжірибесі жиып үлгерді. Ол 20 кездесу өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. 13 қарсыласын есінен тандырды. Өзі бірде-бір рет мерзімінен бұрын ұтылған емес.

Әуесқой рингте жасындай жарқырып, әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы атанған 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқойлар арасында да біраз бедел жиды. Күні бүгінге дейін қазақ жігіті бес мәрте шаршы алаңға көтеріліп, барлық кездесуінде жеңіске жетті.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар