19 Наурыз, 2019

Головкин әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

1244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың танымал The Ring журналының Р4Р рейтингінде бұған дейін үздік бестіктің қатарында болған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бір сатыға төмендеп, қазіргі кезде алтыншы орынға тұрақтады.

Головкин әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

Бұл тізімде Украинаның мақтанышы Василий Ломаченко көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда – америкалық Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварес. Төртінші сатыға тағы бір украиналық боксшы Александр Усик жайғасты. Күні кеше ғана Майки Гарсияны ұтқан АҚШ-тың мықтысы Эррол Спенс бесінші орынға көтерілді. Біздің Геннадий Головкинді орнынан ығыстырған дәл осы өрен.

Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарында жапониялық Наоя Иноуэ, таиландтық Срисакет Сор Рунгвисаи, америкалық Майки Гарсия және филиппиндік Донни Ньетес сынды жуан жұдырықты жігіттер бар.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»