Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Л. Ибрагимова: Көпбалалы отбасыларға қосымша кепілзат іздеудің қажеті жоқ

615 реткөрсетілді

Көпбалалы отбасылар жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында қолжетімді баспана ала алады. Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова жекеменшік тұрғын үй сатып алудың белгілері мен шарттары туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Л. Ибрагимованың айтуынша, көпбалалы отбасыларды мұқият талдау отбасылардың табыстары ең төменгі және жоғары жалақы аралығында түрленетінін көрсетті. Жалпы, Елбасы тапсырмасы бойынша жыл сайын 100 млрд теңге бөлінді. Бірінші санат — атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, олар мемлекеттің ресурстарына өмір сүреді, кірістері өте төмен. Оларға сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй беріледі.

«Биыл көп балалы отбасылардың тұрғын үй салынып біткенше күтпеуі үшін, үдерісті жеделдетуге 50 млрд тг бөлінді. Оның ішінде 25 млрд тг құрылысқа, 25 млрд тг дайын баспананы сатып алуға және жекелей 50 млрд тг тұрғын үй жинақ банкіне бөлінеді», — деді Л. Ибрагимова.

Басқарма төрайымының айтуынша, ТҚЖБ міндеті — отбасының бір мүшесіне табысы 20 000 – 42 500 тг құрайтын, төлем қабілеті бар азаматтарды қамтамасыз ету.

«Мәселен, 4 баласы бар және ата-аналарының табысы шамамен 260 мың теңгені құрайтын отбасыны алып қарайық. Олар біздің бағдарламаға сай келеді. Олардың мөлшерлемесі жылына 2%, бастапқы жарнасы 10% болады, сонымен қатар, әкімдіктер бастапқы жарнаға қаражаттары жоқ отбасыларға көмек көрсете алады, яғни тұрғын үй сертификатын беру мүмкіндігі қарастырылған. Аталған бағдарламаны математикалық әрі экономикалық тұрғыдан модельдеген кезде, азаматтардың қазір жалдап тұратын үйлеріне төлеп жүрген сомаларына сәйкестендіруге тырыстық. Өйткені, бүгінде көп балалы отбасылар қалалардың шеткері аймақтарында, уақытша тұрақ-жайларда пәтерлерді жалдап тұрады. Сол себепті де, 8 млн теңге сомасында төлем бастапқы 8 жылда 42 мың тг құрайтын болады, бұл шағын жатақханаға төлейтін сомамен бірдей деуге болады. Ал одан кейінгі 10 жылда 27 мың тг құрайды», — деп түсіндірді Л. Ибрагимова.

Бұған қоса, бағдарлама арқылы жаңа үйді де, қайталама тұрғын үйді де алуға болады.

«Мақсат – баспанамен қамтамасыз ету, бұл әрбір отбасының төлем қабілетіне байланысты болмақ. Бізде пәтер көлемі, ауданы бойынша шектеу жоқ, шектеу тек азаматтардың кірістеріне қатысты болады. Сіздің табысыңыз жоғары болса, онда сіз аталған бағдарламаға қатыса алмайсыз. Шектеу – отбасының бір мүшесіне 42,5 мың тг және екіншісі – жекеменшік баспананың болмауы. Аталған бағдарламаға қатысатындардың бәрі – қазіргі таңда баспана жалдап тұратын, өз басында үйі жоқ адамдар», — деп түсіндірді төрайым.

Сонымен қатар, Банк төрайымы жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үйді беру кезіндегі кепілзат сатып алынып жатқан пәтер болатынын атап өтті.

«Көпбалалы отбасыларға қосымша кепілзат іздеудің қажеті жоқ», — деп нақтылады Л. Ибрагимова.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Аралар ұясындағы ұйқы – ем

Аймақтар • Бүгін, 09:59

Кезекті финалист анықталды

Аймақтар • Бүгін, 09:58

Сағынышқа толы суреттер

Руханият • Бүгін, 09:52

Кәсіпорындар да шет қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 09:41

Ел тағдырына әсер етеді

Аймақтар • Бүгін, 09:34

Науаи жыры – Нұр-Сұлтан төрінде

Руханият • Бүгін, 09:25

БЖЗҚ: 82 млрд теңге қайда кетті?

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар