Аймақтар • 20 Наурыз, 2019

Кітап палатасында «Наурыз» мерекесі тойланды

1037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда шығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статистикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық орталық  Ұлттық Кітап палатасының қызметкерлері «әз-Наурыз» мерекесін ерекше салтанатпен атап өтті.

Кітап палатасында «Наурыз» мерекесі тойланды

«Көктемнің көрікті күндерінің әрбір сәтін қалт жібермеуді ұйғарған ұжым «Наурыз» мейрамына үлкен дайындық жасап, 14-23 наурыз күндері аралығында бірқатар шараларды жоспарлаған. Көрісумен басталған айтулы шаралар Кітап палатасында келесі кезекте сұрақ-жауап танымдық сайысы, ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсету,  кітап жәрмеңкесін ұйымдастыру, шағын көріністер, «Ұлыстың ұлы күні» поэзия кеші, «Наурыз – думан» шағын концерті, «Қош келдің, әз-Наурыз»  ағаш егу, Наурыз күніне орай тазалық күнін өткізу, ұлттық ойындардан сайыс өткізу сияқты мазмұнды кештермен жалғасын табатын болады. Кітап палатасы қызметкерлері «Наурыз» мерекесінде ерекше мән беретін тағы бір жоспарлы шара - қайырымдылық көрсету. Бұл бағытта ұжым көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беретін болады» деп атап өтті Кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Сәлменбаева.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ