04 Қыркүйек, 2012

Өзара тиімді қарым-қатынасқа өріс кең

365 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өзара тиімді қарым-қатынасқа өріс кең

Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:46

Үстіміздегі жылдың 11 ақ­па­нын­да Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Рес­пуб­ликасының арасындағы дипло­ма­тиялық қарым-қатынас орна­ға­нына 20 жыл толған еді. Германия Қазақстанның тәуелсіздігін таны­ған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі болды. Біз ГФР-ді Еуропадағы негізгі серіктесіміз ретінде қарас­тырамыз, ал Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы басымдық беретін мемлекет болып табылады.

Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:46

Үстіміздегі жылдың 11 ақ­па­нын­да Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Рес­пуб­ликасының арасындағы дипло­ма­тиялық қарым-қатынас орна­ға­нына 20 жыл толған еді. Германия Қазақстанның тәуелсіздігін таны­ған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі болды. Біз ГФР-ді Еуропадағы негізгі серіктесіміз ретінде қарас­тырамыз, ал Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы басымдық беретін мемлекет болып табылады.

Бүгінгі күнде Қазақстан мен Гер­мания арасындағы барлық сала­лардағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді, ең жоғары деңгей­де­гі пәрменді саяси үнқатысу қолдау табуда. Үкіметаралық, парламен­т­ара­лық және партияаралық бай­ла­ны­стар, сондай-ақ ғылыми, іскер­лік, шығармашылық интеллигенция топтары арасындағы үнқатысу өзара құрмет, сенім және ашықтық негізінде тұрақты түрде нығайып келеді.
Дипломатиялық қарым-қа­ты­нас­тардың 20 жылдығы – біздің жас мемлекетіміз үшін айтулы оқи­ға. Оны біз Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ГФР-ға жоғары деңгейдегі жетінші сапарының табысты өтуінен көреміз. Сапар барысында Қазақстан-Германия қаты­настарының ұзақ мерзімді және жоғары деңгейді көрсететін сер­пінді жоба екені дәлелденді.
Осы орайда, елдеріміздің бас­шы­лары қол жеткізген түрлі бағыт­тардағы уағдаластықтарды атап өтуге тиіспін. Шикізат, өнеркәсіп және технологиялар салала­рын­дағы әріптестік туралы үкімет­ара­лық келісімдерді іске асыру шеңбе­рінде және инвестициялық жобаларды талқылау мақсатымен Германия экономикасы шығыс комите­тінің төрағасы Экхард Кордес бас­таған неміс іскер топтарының делегациясы үстіміздегі жылғы қыр­күйек айының соңында Қазақ­станға сапармен келеді деп күті­лу­де. Дәл сол күндері Астанада бір­қатар неміс саясаткерлері мен сарап­шыларының қатысуымен Берлин Еуразиялық клубының екінші отырысы өткізіледі. Германияда кеңінен тараған «Дуальды» жүйе не­гізінде Қазақстанда бірлесіп кәсі­­би-техникалық кадр дайындау бас­тамасы ілгерілетіледі. Осы орай­да, Қазақстанда дуальды білім беру­ді енгізу туралы тиісті екіжақты құжат әзірленуде.
Қазақстан мен Германия қаты­на­сындағы 20 жылдық кезеңде ел­дердің игілігіне арналған басқа да мағыналы оқиғалар мен жобаларды атап көрсетуге болады. Әсіресе, неміс тарапы жасаған сапарлардың саны өсіп келеді. 2010 жылы Фе­дералдық канцлер Ангела Мер­кель­дің Қазақстанға екі мәрте жолы түсіп, Астанада өткен ЕҚЫҰ Сам­митінің жұмысына қатысты. 2010 жылы қазанда Астанаға Бундестаг Президенті Н.Ламмерттің келуін де үлкен оқиға қатарына қосқан жөн. Бұл Германия Парламенті төменгі палатасы жетекшісінің Қазақстанға тұңғыш сапары болған еді. 2012 жылы қараша айында өтетін Қазақ­стан Парламенті Мәжілісінің Төра­ғасы Н.Нығматуллиннің Берлинге жау­ап сапары пар­ла­мент­аралық ын­ты­мақтастыққа елеулі серпін бе­ре­ді деп үміттендіреді.
Екі ел арасындағы сауда-саттық мәселелері де маңызды бағыт­тар­дың бірі болып қала бермек. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия ара­сын­дағы сауда айналымы дағдарысқа дейінгі дең­ге­й­і­не жетіп, 6,2 млрд. еуроны (+20%) құрады, бұл – ГФР-дің Орталық Азия мемлекеттерімен бүкіл сырт­қы сауда көлемінің 85 пайызы деген сөз. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сауда көрсет­кіш­тері 3,1 млрд. еуро болды. Елімізде неміс капиталының қатысуымен 1200-ден астам мекеме тіркелген. Біздің мемлекеттеріміз Сауда-эко­номикалық ынты­мақтас­тық жөнін­дегі үкіметаралық Жұ­мыс тобы мен Стратегиялық ынты­мақ­тастық жөніндегі іскерлік тобы­ның шең­бе­рінде белсенді түрде өзекті мәсе­ле­лерді қарастырады.
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Респуб­ли­ка­сының арасындағы маңызды байланыс ретінде неміс ұлтының Қазақ­стан азаматтары (200 мың адам), сондай-ақ бұрын Қазақ­станда тұрған Германия азаматтары (900 мыңнан аса адам) бар екені белгілі, біз олардың мұқтаждарына ерекше назар аударамыз. Қазақстан Республикасында өмір сүріп жат­қан этностық немістердің мәсе­ле­лері бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссияның жұмы­сы нәтижелі жетістіктерге қол жет­кізді. 2010 жылдан бастап Гумбольд атындағы Берлин уни­вер­си­тетінде «Қазақстан және қазақ тілі» лектораты ашылып, бұл жәйт неміс студенттері арасында қызығу­шы­лық тудырып отыр. Біз осы бір­лес­кен жобаға одан әрі қолдау көрсету ниетіндеміз.
ГФР Сыртқы істер федералдық министрі Гидо Вестервелленің үс­ті­міздегі жылғы 29 тамызда Қазақ­станға ресми сапармен келуі және «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияға қа­ты­суы екі ел арасындағы дипло­ма­тиялық қарым-қатынас орнаған күннен бері келе жатқан жиырма жыл ішінде қалыптасқан стра­тегия­лық ынтымақтастық деңгейін, сон­дай-ақ халықаралық пробле­мати­каға қатысты көзқарастарымыздың ортақтығын дәлелдейді деген ойдамыз.
Алдағы Қазақстан-Германия жо­­ға­ры деңгейдегі келіссөздері, қа­лып­тасқан дәстүр бойынша, ха­лық­тарымыз игілігі үшін одан әрі көп­жақ­ты үнқатысуды жалғас­ты­ру­ға жа­ңа мүмкіндіктер ашады деген се­німдеміз.
Нұрлан ОНЖАНОВ,
Қазақстанның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі.