21 Наурыз, 2019

Мәулен Әшімбаев: Ел мүддесін көздеген шешім­­­­

804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәулен Әшімбаев: Ел мүддесін көздеген шешім­­­­

Мен де барша қазақстандықтар секілді аралас сезімді бастан ке­шіп отырмын. Бір жағынан Тұң­ғыш Прези­дентіміздің өкілеттігін тоқ­тат­қанына өкініш болса, екінші жағы­нан Елбасының ерлігі мен даналығына өлшеу­сіз құр­мет сезімі бар Нұрсұлтан Әбіш­­­­ұлы­ның бұл маңызды қадам жөнінде неше күн, неше са­ғат ойланғанын білмей­­міз. Бірақ біздің Елбасы үнемі ха­лық пен ел мүддесіне қажет ше­шім қабыл­дай­ды. Сондықтан Тұң­ғыш Пр­ези­дент саясатының жал­ға­суын қам­тамасыз ету қажет. Бұл Тұң­ғыш Президентке және оның қыз­­метіне деген өлшеусіз құр­мет­ті білдіреді. Сонымен бірге Ел­басы Қауіпсіздік Кеңесінің Төр­ағасы, Партия Төрағасы және Конс­титуциялық Кеңес мүшесі ретінде ел дамуында маңызды рөл атқара бермек. Халықтың әл-ауқатын жақ­сарту – Назарбаевтың бас­ты жетіс­тіктерінің бірі. Тұңғыш Пре­зидент үнемі халықтың өмір сүру сап­асын жақсартуға, жастар­ды қол­дауға, көп балалы отбасылар­ға көмек­тесуге, білім мен ден­сау­лық сақтау салаларын дамытуға ере­к­ше көңіл бөл­ді. Мыңдаған жас «Болашақ» бағ­дар­ламасымен әлем­­нің үздік оқу орын­дарын тәмам­­дады. Бұл – Елбас­ы­ның заманауи Қазақ­станды құруға деген зор үлесі. 

Бүгінгі тари­хи сәт­­те халқымыз бір­лік пен ын­ты­мақ­­та болуы тиіс. Бізді алда елі­­міз­дің дамуы мен тұр­­ғын­­­дар­дың өмір сүру сапасын жақ­­­сар­туға бағытталған көп­теген мін­­­­дет­терді жүзеге асыру күтіп тұр. Қазақ­стандық жолдың жалғастығы мен Отанымыздың әрі қарай гүлденуі – өзімізге байланысты.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, 

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары