Елшілікке шабуыл – қатерлі қадам
Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:00
Мұсылман елдерінде АҚШ елшіліктеріне шабуыл ойламаған ауқымдаөршіп бара жатыр. Ливияда басталған бұл әрекет қазір Африка, Азиядаөріс алғаны өз алдына, тіпті Еуропаны қойып, басқа дінді Австралияғадейін жетті. Барлық жерде АҚШ-ты айыптаған ұран, ғимараттарды қирату,полициямен қақтығыс. Ең жаманы – адам құрбандығы да орын алып отыр.
Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:00
Мұсылман елдерінде АҚШ елшіліктеріне шабуыл ойламаған ауқымдаөршіп бара жатыр. Ливияда басталған бұл әрекет қазір Африка, Азиядаөріс алғаны өз алдына, тіпті Еуропаны қойып, басқа дінді Австралияғадейін жетті. Барлық жерде АҚШ-ты айыптаған ұран, ғимараттарды қирату,полициямен қақтығыс. Ең жаманы – адам құрбандығы да орын алып отыр.
Мұның өзі өткен жылғы «араб революцияларын» еске түсіреді. Онда Тунисте басталған көтеріліс іле-шала басқа елдерге ауысқан. Бұл жолы Ливияның Бенгази қаласында басталған елшілікке шабуыл келесі күні Египеттің, Йеменнің астаналарында жалғасты да, көп кешікпей бүкіл араб дүниесін шарпыды.
Бенгазидегі әрекеттен төрт америкалық дипломат қаза тапса, он ливиялық мерт болды. Елшілікке шабуыл жасағандардың біразы ұсталды, жазаланды. Бұл басқаларға сабақ болады деген үміт ақталмады, қайта басқа жердегілердің белсенділігін күшейткендей, олардың қатарын көбейтті.
Мұсылман елдеріндегі АҚШ-қа қарсылық әрекеттері бұл елде «Мұсылман пәктігі» деген фильмнің Интернетте көрсетілуінен басталған. Онда мұсылмандардың сенімін-сезімін қорлайтын жайлар бар екен. Енді сол фильмді кім жасады дегенде де әртүрлі пікір бар. Рейтер агенттігі әуелде Флорида штатында тұратын пастор Терри Джонс қаржыландырыпты десе, кейін оны жасаған порнорежиссер Роберт Браунелл деген сөз шықты. Ал идеясын берген Сэм Бэсил деген көрінеді. Қалай дегенде де, бұл фильмнің үкімет тапсырысымен жасалмағаны анық. Содан да үкіметті айыптау қиындау.
Бұл жерде біз әсте де АҚШ-қа ара түсіп, оны ақтайық деген ойдан аулақпыз. Бұл елде әр адамның өз пікірі барлығы конституциямен қорғалса да, қазіргі күнде ислам әлемінде дінге көзқарастың қандай екенін олар ұмытпауға тиіс еді. Бұған дейін Данияда Мұхаммед пайғамбарға қатысты карикатураның жарияланып, Ауғанстанда Құран көшірмесінің өртелуі қандай шу тудырғанын олар біледі. Білген соң да, өз азаматтарының келеңсіз әрекеттерін айыптап, бұл оқиғаға өкініш білдіріп жатса, бүгінгі аласапыран былайша етек ала қоймас еді-ау дейсің.
Енді елшіліктерге шабуылға келсек, бұл ашып айтсақ, құптай қоятын қадам емес. Дінімізді құрметтеуіміз керек, оның жолы қырып-жою, басқаларға тиісу, бүлдіру болмаса керек. Мынау бүгінгі заманда елдердің, мемлекеттердің ара-қатынастарын айқындайтын әлемдік нұсқалар бар. Оны өркениетті ел сақтауға тиіс. Сондай нұсқаның бір көрінісі – елшіліктердің қорғалуы, оған тиісуге болмайтындығы. Ол талапты сақтай алмасаң, елдігіңе сын. Тіпті саяси қылмыскер де кез келген елшіліктен баспана таба алады. Елшілік – басқалар басып кіре алмайтын жер.
Бұл әрекеттердің сипатынан АҚШ-пен байланысты үзу талабын аңғарасың. Одан араб елдері не ұтады? Ұтар ма екен? Мәселе сонда.
Ал қазақта «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деген сөз бар. Елшілік – елдер арасындағы алтын көпір. Еліңде басқа елдердің елшілігі аз болса, еліңнің беделінің төмендігі, керісінше, көп болса – еліңе абырой. Елшіліктер ел мен елді жақындастыру жолында игілікті миссия атқарады. Енді сол қастерлі міндет атқарып жатқандарға тиісудің жөні бар ма? Мұндай жосықсыз әрекеттер орын алған елге басқалар елшілерін жіберерде ойланады. Бұл елдермен байланыстарын шектейді. Бұдан ұтылатын сол елдер.
Қорытындысында айтатын тағы бір өкінішті жәйт – Францияның журналында да Мұхаммед пайғамбар келемежге айналдырылды. Күні кеше, қасақана. Мұсылмандарға сендер не істей аласыңдар деген сипатта. Басылым қызметкері тіпті шімірікпестен Карл Марксті де келемеждеуге болады. Сонда Мұхаммедті неге болмасқа дегендей сыңайда сөйледі. Шынында да сөз, баспасөз бостандығын желеу етіп, ауа жайылуға, ойыңа не келсе, соны істеуге, ақыр соңында мұсылмандардың діни сезімін мазаққа айналдыруға кім құқық беріпті. Мұның нағыз арандатушылық қадам екені күмән туғызбайды.
Бірақ бұл проблеманы, жоғарыда айтып кеткеніміздей, өркениет жолымен шешуге ұмтылыс танытылуы керек. Және қайталанбайтындай деңгейде. Гәп соның жолын таба білуде екені де анық.
Адалдыққа жүгінсе, ағайын ала болмайды
Ағайын елдер – Ресей мен Болгария арасында әжептәуір дау туып отыр.Ресейлік «Атомстройэкспорт» компаниясы Болгариядан салына бастағанАЭС-тен бас тартқаны үшін 1 миллиард еуро талап етіп еді, өз кезегіндеболгарлар өз жерінен «Оңтүстік ағыс» газ құбырын салуға ойланатынынбілдірді.
«Сен сөйтсең, мен бүйтемін» деген сөз. Ал адалдық, әділдік не дейді? Бұл сұраққа дұрыс жауап берсе, ешқандай дау-дамайға жол жоқ. Екі ел арасында саясат саудасы бола қоймас еді, ағайын арасы ажырай қоймас еді-ау дейсің. Ал олар бір-біріне шарт қояды, оның кейбірін негізді дей алмайсың. Содан да өкпе туады.
Болгарияда «Белене» АЭС-і осыдан отыз жылдай бұрын КСРО күйремей тұрғанда салына бастаған. КСРО кіші ағайыны Болгарияға оны салып беріп үлгермеді. Оның мұрагері Ресейдің өзінің басына да күн туып, құрылыс кейінге қалдырыла берді. 2006 жылы жаңа келісім жасалды. Бірақ іс мандымады. 2009 жылы үкімет басына Бойко Борисов келген соң, құрылыс іс жүзінде тоқтады. Бұрын оған Мәскеу құлықсыздық көрсетсе, енді София одан бас тарта бастады. Жапониядағы апаттан кейін Болгария АЭС салудан ресми түрде бас тартты.
Бүгінге дейін біраз жұмыс жүргізілген. Ресей Болгариядан ақысын төле дейді. Алғашында 200 миллион еуро сұрады. Содан кейін халықаралық сот арқылы 58 миллион еуро өндіріп алмақ болды. Енді 1 миллиард еуро талап етіп отыр. Құрылыс өз алдына, Болгарияның тапсырысымен АЭС-ке қажет біраз құрал-жабдық та жасадық дейді. Болгария оны төлемейміз, егер айқайлай берсеңдер, «Оңтүстік ағыстан» бас тартамыз дейді.
«Оңтүстік ағыс» мәселесі осылай туған. Украинамен сөзі жараспаған Ресей өз газын Еуропаға Болгария аумағы арқылы шығару үшін «Оңтүстік ағыс» газ құбырын салмақ еді. Оның үстіне газ болгарлардың өздеріне де керек. Соған қарамай, Мәскеуді мәжбүрлеу үшін құбырды салдырмау мүмкіндігін айтты. Бұған Кремльдің жауабы: онда құбырды Румыния арқылы жүргізбек. Солай бола қалған күнде Болгария ұтылады. Бірақ олар Мәскеудің бопсасын аңғарып отыр. Айтса да, құбырды Румыния арқылы жүргізу қауіпсіз де емес. Молдавия, нақтырақ айтқанда, Приднестровье мәселесі әркез алдан шығуы мүмкін. Екі елдің арасы қиындап кетсе, құбырға қауіп туады. Ресей ондай тәуекелге бармаса керек.
Осынау саясат ойынында ағайын екі елдің қайсысы ұтады дегенде, біреуін атау қиын. Қазіргі дау-дамайда екеуі де ұтылса керек. Өйткені, олар бірін-бірі мәжбүрлегісі келеді. Адал ақ көңілдің орнына екінші жақты ыңғайсыз жағдайда қалдыру ниеті бар. Бұл ағайындарға ғана емес, әріптестікке де жараспайды.
Жалпы, Ресейдің көрші елдермен, оны ішінде этностық, рухани тұрғыдағы жақын елдермен де қарым-қатынасы әркез күрделі. Саяси тұрғыда да, экономикалық тұрғыда да үнемі келіспей жатады. Әзірге дауласпай, тіл табысып жүрген біздің еліміз. Біреулер оны Ресейдің ыңғайына жығылу десе, екіншілер парасаттылық санайды. Бәлкім, олардың дегенімен жүру емес, өзіміздің есемізді күні бұрын өлшеп білу де шығар.
Мамадияр ЖАҚЫП,
«Егемен Қазақстан».