Футбол • 21 Наурыз, 2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

1135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу туринирі басталады. Өзінің тұсаукесер кездесуін Қазақстанның футболшылары «Астана Аренада» Шотландия құрамасына қарсы өткізеді.

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

Кеше осы бәсекеде Шотландия командасының бас бапкері қай шәкірттеріне сенім артқаны жайында жазған едік. Ал бүгін біз мамандардың пайымдауынша Қазақстан құрамасы сапында кімдердің алғашқы минуттардан жасыл алаңға шығуы мүмкін екен жариялауды жөн көріп отырмыз:

Қақпашы ­– Дмитрий Непогодов («Ордабасы»)

Қорғаушылар ­­– Сергей Малый мен Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Евгений Постников («Астана»), Ян Вороговский мен Гафуржан Сүйімбаев («Қайрат»)

Жартылай қорғаушылар ­– Александр Меркель («Хераклес»), Исламбек Қуат пен Георгий Жуков («Қайрат»)

Шабуылшылар  – Бақтиер Зайнутдинов («Ростов») пен Роман Мұртазаев («Астана»).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»