Қазақстан құрама командасы «Астана-Арена» стадионында өткен кездесуде шотландиялық қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Сол арқылы 3 ұпаймен «I» тобының көшін бастады. Енді ұлттық құрама 24 наурыз күні елордада Ресей командасына қарсы екінші кездесуін өткізеді.