«Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз. Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын», деді ол.
Сондай-ақ ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қою қажет екенін баса айтты. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге орталық және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды күрт азайтуды тапсырды.
«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.