- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың киелі Түркістаннан кейінгі жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасуда, - деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. Өңірге сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен танысты. Жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығында» болды. Сонымен қатар облыс активімен өткен жиынға қатысып, Президент лауазымындағы мақсатын жария етті.