Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

938 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

The Star online сайты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тоқтатқаны туралы хабарлап, билік құрған тұсында елде тұрақтылық пен келісім орныққанын жеткізді.

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

«Н.Назарбаев Кеңес одағының империясы құлаған уақыттан, Қазақстан тәуелсіздікті жариялаған 1991 жылдың желтоқсаннан бері Президент лауазымында болды. 28 жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаев 5 мәрте Президент сайлауында жеңіске жетті. Ал оның «Нұр Отан» партиясы мен оның филиалдары парламенттің төменгі және жоғары палаталарында ең төмендегі деңгейдегі оппозициясымен басымдыққа ие болды», дейді The Star.

Сайт Елбасының еңбек жолы Малайзиядан бөлініп шыққан Сингапурды 30 жыл басқарған Ли Кван Ю және Парламентке басым болған оның әлеуметтік-демократиялық «Халық әрекеті партиясының» басқару стилін жұмысын еске түсіретінін айтады.

«Н.Назарбаев Мемлекет басшысы ретіндегі халыққа жолданған соңғы үндеуінде Кеңес империясының құлаған уақытта экономиканың қирауы, жүйесіз саясат, азық-түлік пен тауар тапшылығы, өндірістердің тоқырауы, ЖІӨ көлемінің екі есеге дейін азаюы тәрізді қиындықтарды еске түсірді.

Н.Назарбаев пен оның жақтастардың алдында ең біріншіден коммунистік тоталитарлық жүйені және идеологияны жою, нарықтық экономиканы қалыптастыру және экономиканы дамыта отырып азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндеті тұрды», дейді мақала авторы.

Бұдан кейін сайт Қазақстан демократиялық мемлекетке айналғанын, мұнай-газ бен минералдық ресурстардың арқасында аграрлы экономикадан өндірістік экономикаға қадам басқанын хабарлаған.

«Мұнай бағасының қымбат болуы мен шетелдік тікелей инвестициялардың тартылуы шикізат және минералдық сектордың дамуына оң ықпалын тигізген. Қазіргі таңда Қазақстан әлем бойынша уран өндіруден алдыңғы орынға шығып, АҚШ, Ресей, ҚХР тәрізді ядролық энергияның негізгі өндірушілердің қызығушылығын туғызды.

Н.Назарбаев жер көлемі үлкен, 18,4 миллион халқы бар, көп этникалық және көп конфессиялы (70% мұсылман және 26% христиан) мемлекетте тұрақтылық пен келісім орната білді. Инвестициялар инфрақұрылымдар салуға, заманауи білім беретін экожүйелерді қалыптастыруға бағытталды. Осының нәтижесінде Қазақстанның Астанасында жоғары деңгейлі ұлттық университет ашылды» делінген мақалада.