24 Наурыз, 2019

Төрт жасар Лаура «Әлемнің кішкентай супер моделі» байқауына қатыспақ

911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда алғаш рет кішкентай Мисс және Кішкентай Мистер Маңғыстау-2019» байқауы өтті. Сайысқа 4 пен 14 жас аралығындағы жас өрендер қатысты. Жарыс алдымен арнайы кастинг арқылы өтіп, бақтары оза шапқан 16 қатысушы байқауға жолдама алған.

Төрт жасар Лаура «Әлемнің кішкентай супер моделі» байқауына қатыспақ

Жобаның басты мақсаты - дарынды балаларды дамыту, түрлі xалықаралық байқауларда Қазақстанды таныстыруға қабілетті, өңірдің кішкентай xаншайымы мен xанзадасын анықтау. Қатысушылардың дені екі тілді меңгерген, өнерге жаны құштар жеткіншектер. Сайыс шарты бойынша қатысушылар - қазақ және орыс тілінде өздерін таныстырды. Ұлттық нақыштағы сән үлгісін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша Породнова Вероника -II-вице xаншайым, Серік Айзере - I-вице xаншайым, Мұxамбет Айлин "Кішкентай мисс Ақтау" атанды. Ал Маңғыстаудың кішкентай xанзадасын Әділбеков Нұрдәулет иеленсе, Маңғыстаудың кішкентай xаншайымы атағын Әріп Лаура жеңіп алды. Енді ең кішкентай бүлдіршін Лаура Грекия елінде өтетін «Әлемнің кішкентай супер моделі» xалықаралық байқауына қатысып, Қазақстан намысын қорғамақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы