Руханият • 24 Наурыз, 2019

Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі концертінің толық видеосы жарияланды

892 реткөрсетілді

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 22 және 23 наурызда Ресейдің ең беделді алаңы Мемлекеттік Кремль Сарайында екі жеке концертін берді. Әртістің өнерін тамашалау үшін бүкіл әлемнен жанкүйерлері жиналды.

Өз отанын ғана емес, Ресей, Қытай, Америка, Франция, Ұлыбритания және басқа да елдерді өнерімен тәнті еткен қазақстандық орындаушы туралы НТВ телеарнасында "Центральное телевидение" бағдарламасында сюжет  көрсетілді. 

Бағдарлама студиясында Димаш "Мадемуазель Хайд" (Mademoiselle Hyde) жаңа композициясын шырқады, оны бұрын канадалық әнші Лара Фабиан орындаған. Музыка авторы - Игорь Крутой. Ол "ән жазуға шабыт беретін мұндай орындаушыны бұрыннан іздегенін" мәлімдеген. "Лара Фабиан: "Ол ғарыштан келген бала" деп айтқан, - деді композитор.

Димаштың өзі бәрінің бақытты және ұзақ өмір сүргенін, әлемде махаббат орнауын қалайтынын айтқан. Сондай-ақ, "Игорь Яковлевичтен көбірек ән алғым келеді", - деді ол.

БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, Мәскеудегі Димаш Құдайбергеннің концертіне әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлер келген. Көрермендер арасында ресейлік премьер-министрдің жары Светлана Медведева, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағанбетов, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары болды.

Концерт аншлагпен өтті. Желіде қазақстандық әншінің Кремльде көрсеткен өнерінің толық видеосы пайда болды.



Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар