Футбол • 24 Наурыз, 2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

1394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан-Ресей матчының өтуіне байланысты қала көшелерінде кептелістер туындауы мүмкін, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сондықтан  астаналықтар өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. 

 

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

«Қазақстан және Ресей командалары арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу раундының өтуіне байланысты 24 наурызда қаланың сол жақ жағалауындағы Тұран, Қабанбай батыр даңғылдары, Керей мен жәнібек хандары, Сарайшық сияқты көшелерде кептелістердің туындауы мүмкін екендігін хабарлаймыз»,  деп жазды өзінің фейсбуктегі парақшасында қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша матчты көруге ниеттілердің саны көп. «Осыған орай өз бағдарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Ал ойынды көргісі келетін футбол жанкүйерлеріне «Астана-Арена» стадионына матчтың басталу уақытынан екі сағат бұрын келуге кеңес береміз», деп атап өтті Есин.

Қазақстан және Ресей командалары арасындағы матч бүгін сағат 20:00-де басталады.        

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше