«Жоғарыда аталған шараларды іске асыру нәтижесінде 2022 жылға қарай қосылған құн үлесі жоғары дайын тауарларды экспорттайтын кемінде 150 компанияның көлік шығындарын өтеуді, экспорттың сақтандыру сыйымдылығын 32 млрд теңгеден 215 млрд теңгеге дейін арттыруды, тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспорттық көлемін 22,7 миллиардтан 31,8 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз» деді Роман Скляр.
Сондай-ақ ол биыл «Қайнар-АКБ» ЖШС өндіріс көлемін 2,8 млн аккумуляторлық батареясына дейін арттыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Экспорттаушылардың қолдау көрсету шаралары аясында экспорт көлемін аталған кәсіпорын 75%-ке дейін жеткізеді» деді министр.