27 Наурыз, 2019

Жаңа атау – еңбекті мойындау мен бағалау

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚХА активінің астананың атауы өзгертілуін қолдауға арналған жиын өтті, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблея­сының ресми сайты.  

Жаңа атау – еңбекті мойындау мен бағалау

Жиынға Қазақстан халқы Ассамб­леясы Төрағасын+ың орын­басары – Хатшылық мең­геру­шісі Жансейіт Түйме­баев, Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сының мүшелері, этно­мәде­ни бірлестіктердің, Ғылы­ми-сарапшылық кеңестің, Қоғам­­дық келісім кеңесінің, Ана­лар кеңесінің, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозға­лысының өкілдері қатысты.

Астанаға Қазақстанның Тұң­­ғыш Президентінің есімі берілуі – Елбасының тәуелсіз Қазақ­­станды құрудағы орасан зор ең­бегін мойындап, тану екен­­дігін атап айтқан Жансейіт Түй­ме­­баев: «Наурыз айы – жаңа жыл­ды ел­ордамыз тарихи Нұр-Сұл­тан 

атауы­мен бастап отыр. Ел бас­­таған ұлылардың есімін ұлық­­тау – әлемдік өркениетте ежел­­ден келе жатқан үрдіс. Ал Қазақ­­стан­ның сол әлемдік өрке­ниет керуеніне тең құқылы мемлекет ретінде қосылып, көк бай­­­рағын желбіреткен, БҰҰ мүше болған және Қазақстан хал­­қы Ассамблеясын құрған Тұң­ғыш Президентіміздің атын ел­дің астанасына бергенімізді – Қазақ­стан халқының Елбасына деген алғысы деп білеміз», деді.

Ол сонымен қатар ҚХА мү­шелері, этномәдени бірлесті­к­тердің өкілдері, ҚХА Ғылы­ми-сараптамалық кеңесі, ҚХА кафед­­расының қауымдастығы, Қоғамдық келісім кеңесі, Ана­лар кеңесі, ҚХА журналистер клубы, Медиаторлар кеңесі, Кәсіп­керлер қауымдастығы, «Жаң­ғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелері астанаға Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­дентінің есімі берілуін қол­дайтынын атап өтті.

«Біз астанаға Нұр-Сұлтан атауы берілуін толықтай қолдай­мыз. Бұл қадам Елбасының тәуел­сіз Қазақстанды құрудағы ерен еңбегін бағалау үшін жа­са­лып отыр. Астананы көшіру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың стратегиялық жобасы және бастамасы болып табылады. Елбасы еліміздің тарихы­ның жаңа парағын ашты. Бүгін­де астанаға Қазақстанның Тұң­ғыш Президентінің есімін беру – бар әлемге нышанды белгі бол­­мақ. Қазақстанның еге­мен­­ді, демо­­кратиялық, құқық­тық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуындағы Нұрсұл­тан Назар­баевтың бағыты­ның өзгер­­мей­тіндігі мен сабақтас­тығы туралы белгі. Саяси көш­бас­­шы­лық­тың және саяси ерік-жігер­дің арқасында Елбасы халық­аралық қатынастардың жоғары адамгершілік стандарт­тарын құрды. Ол еліміздің бей­біт­сүй­гіш көпвекторлы сырт­қы саясатын дамытуға қос­қан үлесі үшін халықаралық қоғамдастықтың зор құрметі мен алғысына ие болды», деді ҚХА хатшылығының меңгерушісі.

ҚХА Төрағасының орынбасары атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегі Ұлы дала елінің кейінгі ұрпақтары үшін үлгі болуы тиіс.

Ол заманауи Қазақстанның қалыптасуындағы оның рөлін, өтпелі кезеңдегі қиындықтарды жеңудегі және жаңа астананы құрудағы еңбегін ерекше атап өтті.

«Бұл – еркіндік пен тәуелсіз­дік мұраттарына берілген ха­лық­қа шексіз қызмет ету үлгі­сі», деді Ассамб­лея Төрағасының орынбасары.

Жансейіт Түймебаев аста­на­ның атауын Тұңғыш Прези­денттің есіміне өзгерту – біз­дің азаматтық борышымыз екенін, сонымен қатар Нұр-Сұлтан атауы киелі қазақ жерінде бірлік, бейбітшілік пен гүлденудің нышаны болып сақталуы үшін барлығын жасауға тиіс екенімізді жеткізді.