27 Желтоқсан, 2012

Маңызды мәселелер қаралды

280 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Маңызды мәселелер қаралды

Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:21

Арандатқан арбауымен адамды алдап жығатын жұлынқұрттың қатерлі қадамы әлемді қымтап алды. Ол қамыттан шығудың жолы бірлесе әрекет ету екендігін қазір сол әлем халқы түсініп отыр. Сондықтан да  есірткіге есі кеткендердің еселенбесі үшін ертерек ел болып қимылдау еңселі іс. Осыған орай бұрнағы күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес  жүргізу бойынша өкілеттік берілген органдар басшылары кеңесінің есірткіге қарсы сұранысты төмендету жөніндегі сарапшылар тобының  бас қосқан отырысы болды.

Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:21

Арандатқан арбауымен адамды алдап жығатын жұлынқұрттың қатерлі қадамы әлемді қымтап алды. Ол қамыттан шығудың жолы бірлесе әрекет ету екендігін қазір сол әлем халқы түсініп отыр. Сондықтан да  есірткіге есі кеткендердің еселенбесі үшін ертерек ел болып қимылдау еңселі іс. Осыған орай бұрнағы күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес  жүргізу бойынша өкілеттік берілген органдар басшылары кеңесінің есірткіге қарсы сұранысты төмендету жөніндегі сарапшылар тобының  бас қосқан отырысы болды. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша құзыретті органдары сарапшыларының жұмыс тобы мүшелері қатысты.

Отырыс барысында аса маңызды әрі кең ауқымды мәселелер қаралды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мү­ше мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған  есірткіге қарсы стратегиясын іске асыру бойынша тараптардың ұсыныстары талқыланды. Өйткені, Шанхай ынтымақтастық ұйымы – өңірлік халықаралық ұйым болып табылады. Оның құрамына 6 мемлекет – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. ШЫҰ-ның мақсаты – өзара сенімді, достық пен татулықты нығайту, сая­си, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, энергетикалық, эко­логиялық және басқа салаларда мүше мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық орнату, өңірде бей­бітшілікті, қауіпсіздікті және тұ­рақ­тылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе әрекет ету. Сондықтан да атал­ған отырыста есірткіге қарсы сұ­ранысты төмендету, есірткіні насихаттау үшін қолданылатын мүм­кіндіктерді шектеу айтылып, бұған қоса есірткіге қарсы күресте  үкіметтік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар жасалды.
Кездесуге қатысушылар медици­налық-әлеуметтік оңалтудың толық­қан­ды жүйесін қалыптастыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде ха­лық­тың нашақорлыққа салыну дең­гейін анықтау арқылы есірткіге тәуелділерді есепке алу жүйесін жетілдіру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде нашақорлыққа әлеуметтік ауру мәртебесін беру жөнінде нақты ұсыныстар айтты. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің жаңа түрлерін анықтау мәніне есірткі нарығына мониторинг жүргізу және нақты профилактикалық шараларды қабылдау бойынша бірлескен іс-қимылдардың үйлестіру тетіктері талқыланды.
Сөйтіп, осының арқасында қол жеткізілген уағдаластықтар осы оты­рыстың хаттамасында көрсетілді және бұдан әрі ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттердің құзыретті органдары басшыларының кеңесінде қаралатын болды. Отырыста қабылданған ше­шімдер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде есірткіге қарсы сұранысты тө­мендетудің тиімді кешендік жүйесін қалыптастыру мақсатында құзыретті органдардың есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмысын үйлестірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге және нашақорлықтың алдын алуды жетілдіруге мүмкіндік береді,  деп есептейді Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің өкілдері.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».