Президент • 28 Наурыз, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Германия Канцлері Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор құрметпен қабыл алғанын айтты.

Ангела Меркель тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері Елбасының есімімен тікелей байланысты екенін, сондай-ақ оның халықаралық аренадағы беделін, әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жемісті күш-жігерін атап өтті.

Германия көшбасшысы достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қалыптасуына және нығая түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесін ерекше бағалады.

Ангела Меркель Қазақстанның Тұңғыш Президентіне зор денсаулық, сондай-ақ халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.