28 Наурыз, 2019

13 әскери қызметші қаза тапты

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше болған ҚР ҚК тікұшағының апатынан әскери борышын орындау кезінде бортта болған 13 әскери қызметші қаза тапты.  Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

13 әскери қызметші қаза тапты

Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамы қаза тапқан әскери жолдастарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.  Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайтын болады, деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, кеше Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшыраған.