28 Наурыз, 2019

Бакудегі халықаралық турнирде үш боксшымыз келесі кезеңге өтті

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзірбайжанның Баку қаласында бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бакудегі халықаралық турнирде үш боксшымыз келесі кезеңге өтті

Бірінші күні рингке шыққан төрт қазақ боксшының үшеуі жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, Абай Қуандықов, Сабыржан Бекбергенов және Алмасбек Әлібековтер келесі кезеңге жолдама алды. 

Өкінішке қарай, Нұрлан Сабыров жарысты әрі қарай жалғастыра алмайды. 

Еске сала кетейік, Бакудегі турнирге бас бапкер команданың екінші және үшінші нөмірді боксшыларын аттандырған болатын.