28 Наурыз, 2019

Жасөпірімдер арнайы спорт залда жаттығады

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасөспірімдердің мектептен тыс уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру қылмыстың алдын алудағы ізгі шаралардың бірі. Осы орайда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Наурызбай ауданының жасөспірімдер полициясы «Hard way»  тренажерлық залының қолдауымен әлеуметтік қолдауға зәру отбасылардың балалары үшін үш ай бойы тренажер залында спортпен тегін айналысуға мүмкіндік жасады.

Жасөпірімдер арнайы спорт залда жаттығады

Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметіне қарасты ювенальдық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Алипбаеваның айтуынша, жасөспірімдердің бос уақытін тиімді пайдалануын ұйымдастыру жалпықоғамдық міндет. Наурызбай ауданында қолға алынған  жасөспірімдердің мектептен тыс уақытта спортпен шұғылдануы салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

Бүгінде спорт клубтары мен секцияларына барлық балалардың келуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан да жергілікті әкімдіктер тарапынан да қала аудандарында орналасқан спорт кешендеріне балалардың тегін қатысуын ұйымдастыру шаралары көптеп ұйымдастырылса игі.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ