28 Наурыз, 2019

Тікұшақ апаты: үш адамның мәйіті табылды

668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған орыннан үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Қазақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікұшақ апаты: үш адамның мәйіті табылды

«Оқиға орнынан үш мәйіт табылды. Олардың кім екені әлі анықталған жоқ. Тікұшақтың қалдықтары 500 метр жерден табылды», делінген Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарланған. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Қазіргі уақытта төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды. Ал қалған бір тікұшақ оқиға орнына қайта оралды. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген министрліктің хабарламасында.