28 Наурыз, 2019

«Қаламқас» кен орнында авариялық жағдайға байланысты сынама алынды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қаламқас» кен орнында авариялық өртену төтенше жағдайына байланысты «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 26 наурызда кен орнының санитариялық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауадан және топырақтан, кен орны аймағындағы Каспий теңізінің суынан жоспардан тыс сынама алды, деп хабарлайдыЭнергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.

«Қаламқас» кен орнында авариялық жағдайға байланысты сынама алынды

Санитариялық-қорғау аймағының шекарасында (өртену орнынан 1 км) атмосфералық ауаның сынамалары 4 нүктеде келесі көрсеткіштер бойынша алынды: 1) азот оксиді; 2) азот диоксиді; 3) аммиак; 4) күкірт диоксиді;  5) РМ-10 қалқыма заттар; 6) қосынды көмірсутектер; 7) күкіртті сутегі;             8) көміртегі оксиді.

Алынған ауа сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат берілген көрсеткіштен асып кету фактісі тіркелген жоқ.

Сонымен қатар, Каспий теңізінің Қаламқас, Қаражанбас, Арман, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жағалауындағы бөгет акваториясы, Батыс Бозащы  және Қаламқас кен орнының өртену аудандарынан теңіз суының сынамалары алынды.

Теңіз суының сынамаларына 29 көрсеткіш, оның ішінде негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар және ауыр металдар бойынша талдау жүргізілді.

Талдау нәтижелері теңіз суындағы ластаушы заттардың шекті жол берілген көрсеткіштен асып түспегенін көрсетті.