28 Наурыз, 2019

Алматылықтар Нұр-Сұлтан атауын қолдады

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматылық бастауыш партия ұйымдары Астананың Нұр-Сұлтан аталуын қолдады.Бұл туралы «Hur Otan» партиясының 200 жуық бастауыш партия ұйымдарының  Форумына қатысушылар бірауыздан мәлімдеді. Сөз сөйлеушілер Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш Президент, «Hur Otan» партиясының Төрағасы ретінде Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытқан айрықша еңбегі  мен халықаралық деңгейдегі биік мәртебесі туралы ой қозғап, өз пікірлерін білдірді.

Алматылықтар Нұр-Сұлтан атауын қолдады

Қазақстанның Еңбек Ері танымал ұстаз Аягүл Миразова Нұрсұлтан Назарбаевқа Халық Қаһарманы атағы мен «Алтын Жұлдыз» белгісінің табысталуын мемлекет пен халық құрметінің көрінісі ретінде бағалап, бас қаламыз Астанаға Елбасының есімі берілуін тарихи әділеттіліктің салтанат құруы деп атап өтті.

– Өзім куә болғандай, әсіресе, әсіресе ұстаздар қауымы елімізде ырыс пен ынтымақтың алтын бесігіне айналдырған  Тұңғыш Презитентіміз, Елбасы есімінің Ұлы Дала төсінде  өзі орнатқан шаһарға берілуін өте орынды шешім деп қуаныштарын білдіруде. Шынында да бас қаламызды Нұр –Сұлтан деп атау жарасымды,- деді Аягүл Миразова.

Алматы қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров  мың бояулы қаланың ең орталық көшені «Н.Назарбаев даңғылы» деп былтыр атағанын еске алды.

Бұл жиында  қатысып, сөз сөйлеген АҚФ Саяси кеңесінің мүшесі Болат Ержанов, №102 орта мектептің директоры Данагүл Кержекеева, «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Болашақ» қауымдастығының қалалық филиалының жетекшісі Қымбат Әбдікерімова белгіленген іс-шаралардың барлығы Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдаулары мен тапсырмалары аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырыла беретінін мәлімдеді.

Форум соңында Мемлекет басшысының Астананы Нұр-Сұлтан деп атау туралы шешімін қолдау туралы Үндеу қабылдады

                                                                                                           

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

 АЛМАТЫ