28 Наурыз, 2019

Көпбалалы аналар үйлі болады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында өте нашар тұрғын үй жағдайындағы тұрып жатқан 150 отбасы анықталды.

Көпбалалы аналар үйлі болады

Жұмыс комиссиясы анықтаған мәліметтер бойынша «Баламекен» жобасы қолға алынды.

Облыста өткен жиында көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін Болат Өтемұратовтың қорының қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үйдің бір бөлігін салу туралы мәселені талқылаған. Соның нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен 50 отбасы және қалған 100 отбасы қор есебінен баспанамен қамтамасыз етіледі.

Айтқандай, Қызылорда облысының «Баламекен» жобасы Премьер Министр Асқар Мамин Үкімет үйінде өткізген жұмыс кеңесінде талқыланып, жақсы тәжірибені басқа облыстар да пайдаланылуы тапсырылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы