28 Наурыз, 2019

«Елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын өтті

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданында ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың тарихи шешім қабылдауына және Елордамыздың атының өзгеруіне орай «Елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

 «Елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын өтті

«Елбасы үнемі жастар мәселесін, жастар саясатын назардан тыс қалдырған емес. Тегін білім, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу, жастарға қолжетімді баспана, оқу гранттары сынды түрлі жеңілдіктерді жастарымыз үшін жасады. Осындай жастарға деген жанашырлықтың арқасында бүгінден болашақтың тұтқасын ұстар азаматтарымыз көбейіп келеді. Осының бәрі де Елі сүйген, елін сүйген Елбасының арқасы!» - дейді аудан жастарының атынан сөз алған Еркін Құсан.

Жиында басқа да азаматтар Түңғыш Президент жөніндегі өз ақжарма тілектерімен бөлісті.

                    

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan».

Қызылорда облысы