28 Наурыз, 2019

Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін жарыс өтеді

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-31 наурыз аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде даңқты балуан, Алаш жұртының мақтанышы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді.

Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін жарыс өтеді

Осымен 20 мәрте ұйымдастырылғалы отырған жасөспірімдер арасындағы айтулы жарыс арқылы талай жас өрендер үлкен спорттағы алғашқы қадамдарын жасады. Бұл күндері еліміздің белді балуандарына айналып отырған саңлақтардың дені кезінде дәл осы турнирде бақ сынап, шеберліктерін шындады. Биылғы додада да көрермендер республикамыздың барлық аймағынан жиналған талай дарынды ұлдардың өнеріне тәнті болады деп ойлаймыз.

Сеул мен Барселона Олимпиадасының жүлдегері, әлем чемпионы, Еуропа мен Азия біріншіліктері мен Азия ойындарының жеңімпазы, әлем кубогының екі дүркін иегері, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өтетін осы жарысты тамашалауға өзіміздің атақты спортшылармен қатар шет мемлекеттен де әйгілі балуандар келеді деп күтілуде.   

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»