28 Наурыз, 2019

Техникалық және медициналық қызметтерді тексерушілердің жауапкершілігін күшейту керек - Георгий Ким

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат отырысында депутат Георгий Ким Премьер-Министр А. Маминның атына депутаттық сауал жолдады.

Техникалық және медициналық қызметтерді тексерушілердің жауапкершілігін күшейту керек - Георгий Ким

«26 ​​наурызда сағат 09.15-те, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Ресми деректерге сәйкес, бұл апаттан 35 адам зардап шекті, 2 адам қаза болды, 23 адам ауруханаға жатқызылды және 17 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар қозғалысының қауіпсіздігі үшін көлік құралдарын техникалық байқаудан өтіп, жүргізуші медициналық тұрғыда тексеріледі» делінген сауалда.

Сондай-ақ  депутат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер көлікті техникалық байқаудан өткізуге жауап береді деп атап өтті.

«Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, дәрігерлік тексерулерге заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер ретінде жалданған медицина қызметкерлері жауапты болады. Жолаушылар тасымалы көптеген адамдарға қатысты болатынын және қауіпсіздікті талап ететінін ескере отырып, техникалық және медициналық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қызметіне бақылауды және жауапкершілікті күшейту мәселесін қарау қажет деп есептеймін» делінген депутат сауалында.