28 Наурыз, 2019

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардың аңдатпасы жарияланды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардың аңдатпасы жарияланды

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.